Саясат

Назерке Еркінқызы: Президенттің Ассамблеяның әлеуетін дамыту туралы идеясы заңды жағдай

Президент кешегі өткен Ассамблеяның ХХХIII сессиясында сөйлеген сөзінде қоғам дамуына қатысты көптеген актуалды мәселелерді көтерді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Қолданбалы саясат мектебінің ғылыми қызметкері, саясаттанушы Назерке Еркінқызы айтты.

Ол өз сөзінде Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуде және жүзеге асыруда консультативтік-кеңесші орган міндетін атқару керек деген пікірді алға тартты.

-->

Әсіресе ҚХА-ның қазіргі ахуалы мен құзыреттіліктеріне қатысты бірнеше идеяларын айтты. Мемлекет басшысының «қазіргі күрделі кезеңде елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау – ең басты міндет» деп ҚХА-ға қарата айтқанында заңдық негізі бар. Себебі Ассамблеяның басты міндеті – елдеміздегі бірлік пен ынтымақты сақтауға өз үлесін қосу. Сол себептен Ассамблея бұл бағыттағы жұмыстарын жалғастырып, жандандырулары қажет. Одан кейін Мемекет басшысының  «Біз қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз» деген сөзіне келсек, өздеріңіз білетіндей қазіргідей ақпараттық кеңістіктің  ашық заманында ақпараттар легі сөзсіз көп болады. Мұндай кезде конструктивті пікірлермен қатар деструктивті ақпараттар қатар жүреді. Сондықтан, «қоғамға іріткі салатын (дұрыс емес оймен) әрекеттерге тосқауыл қою» туралы шешімді ескерту механизмі (теріс ойдағылар үшін) деп қабылдаған дұрыс»,- дейді спикер.

Ол өз сөзінде Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясаты әзірлеуде және жүзеге асыруда консультативтік-кеңесші орган міндетін атқару керек деген пікірді алға тартты.

Сонымен қатар  Мемлекет басшысының «Ассамблея мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне және реформаларды ілгерілету ісіне белсене қатысуы керек» деген ойы да Ассамблеяның негізгі заңды функциясының бірі. Яғни Ассамблея мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуде және жүзеге асыруда консультативтік-кеңесші орган. Обьективті тұжырымдамалар мен дұрыс шешімдер ғылыми-сараптамалық жұмыстың нәтижесінде шығатыны белгілі. Сондықтан Президенттің «Ассамблеяның ғылыми сараптамалық әлеуетін дамыту» туралы идеясы заңды жағдай. Сондықтан бұл орган  еліміздегі этно-әлеуметтік шиеленіс салаларын нақты зерттеп, халықпен етене араласып, болуы мүмкін жанжалдардың алдын алуға жұмыстануы керек. Президент осыны қадап айтты деп ойлаймын»,- дейді Н.Еркінқызы.