Министр Саясат Нұрбек Мажарстан елшісімен кездесті
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мажарстанның еліміздегі Төтенше және Өкілетті елшісі Отто Иван Ронамен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Кездесу барысында университетаралық серіктестікті дамыту, екі ел студенттерінің академиялық білім алмасуы, қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, университет филиалдарын ашу сияқты жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық талқыланды.
Ғылым және жоғары білім министрі еліміздің әртүрлі қалаларында: Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында 19 университетпен белсенді ынтымақтастық жүріп жатқанын атап өтті.
Мажарстанның елшісі шетелдік тарап стипендиялық академиялық бағдарламаларды, студенттер алмасуды белсенді дамытуға дайын екенін, сондай-ақ қазіргі уақытта магистратураның мәдени бағдарламаларына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында цифрландыруды жүйелеу қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте Отто Иван Рона Astana IT University-інде Мажарстанның медицина университетінің филиалын ашуға мүдделі екенін атап өтті. Министр С.Нұрбек өз кезегінде елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашу Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сәтті ашылып жатқаны туралы хабардар етті. Министрлік басқа да жетекші шетелдік ЖОО-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Тараптар мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қандай қолдау шараларын көрсетуге болатынын егжей-тегжейлі түсіндіру үшін қосымша кездесу өткізуге уағдаласты.
-->Кездесу барысында университетаралық серіктестікті дамыту, екі ел студенттерінің академиялық білім алмасуы, қос дипломдық және бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, университет филиалдарын ашу сияқты жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық талқыланды.
Ғылым және жоғары білім министрі еліміздің әртүрлі қалаларында: Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларында 19 университетпен белсенді ынтымақтастық жүріп жатқанын атап өтті.
Мажарстанның елшісі шетелдік тарап стипендиялық академиялық бағдарламаларды, студенттер алмасуды белсенді дамытуға дайын екенін, сондай-ақ қазіргі уақытта магистратураның мәдени бағдарламаларына үлкен көңіл бөлінетінін атап өтті.
Тараптар екіжақты ынтымақтастық аясында цифрландыруды жүйелеу қажеттігіне тоқталды. Бұл ретте Отто Иван Рона Astana IT University-інде Мажарстанның медицина университетінің филиалын ашуға мүдделі екенін атап өтті. Министр С.Нұрбек өз кезегінде елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашу Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ ҚР Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес сәтті ашылып жатқаны туралы хабардар етті. Министрлік басқа да жетекші шетелдік ЖОО-мен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.
Қазіргі уақытта Мажарстан тарапымен және Astana IT University-мен белсенді ынтымақтастық жүріп жатыр. Екі елдің жоғары оқу орындары арасында сәтті ынтымақтастық орнатылғаннан кейін бұйрық дайындау жоспарлануда. Оның шеңберінде басым бағытты қолдау ретінде қосымша қаржыландыру бөлінуі мүмкін. Бұл қаржыландыру зертханаларды жабдықтау сапасын, профессорлар мен оқытушылар құрамының санын жақсартуға ықпал етеді, - деді министр.