Саясат

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі енгізілді

Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа алгоритмі өткен жылы 6 мемлекеттік органда сынақтан өткізілді. Олар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Көлік министрлігі, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері, деп хабарлады, Elorda.info

Өткен жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі іріктеуді толық цифрландыру арқылы «е-Qyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізді.

Сыртқы порталда мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленді, онда конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде, кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік органдарда өткізілген 1246 астам конкурсқа 5 815 үміткер қатысып, оның 652-і жеңімпаз ретінде танылды.

Бұл туралы МҚІА төрағасы Дархан Жазықбай 2023 жылдың қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде хабарлады.

Сондай-ақ алқа мәжілісінде МҚІА басшысы мемлекеттік қызметтегі бюрократиялық кедергілерден арылудың маңызды құралы ретінде кадрлық процестерді одан әрі цифрландыру бойынша Агенттікпен жүргізіліп жатқан  шаралар туралы айтты.

Сонымен бірге, «Е-қызмет» жүйесінің 24 модулі жаңартылды, оның ішінде «Тәртіптік бақылау», «Бағалау», «Іс-сапарлар», «Тағылымдама», «Оқыту» модульдері бар. Жүйеге барлық мемлекеттік органдар туралы толық ақпарат енгізілді және оның мобильдік қосымшасы әзірленді. Қазіргі уақытта жүйені пайдаланушылар саны 88 мыңға жуық мемлекеттік қызметшіні құрайды.

-->

Дархан Жазықбайдың айтуынша, онлайн жүйе бойынша бір орынға қатысушылардың үлес көрсеткіші 4,6 адамды құрап, қолданыстағы (1,7 адам) іріктеу тәртібімен салыстырғанда қатысушылардың саны 2,7 есеге артты. Бұл, азаматтардың жаңа жоба аясында мемлекеттік қызметке деген қызығушылығы біршама артқанын көрсетіп отыр. Биыл жаңа іріктеу жүйесін кезең-кезеңмен барлық мемлекеттік органдарда енгізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ алқа мәжілісінде МҚІА басшысы мемлекеттік қызметтегі бюрократиялық кедергілерден арылудың маңызды құралы ретінде кадрлық процестерді одан әрі цифрландыру бойынша Агенттікпен жүргізіліп жатқан  шаралар туралы айтты.

«е-Qyzmet» - те барлық маңызды ақпараттық жүйелермен интеграция жүргізілгені атап өтілді. Нәтижесінде өзге ақпараттық жүйелерден үміткер туралы ақпарат алу, оның соттылығы немесе өзге заң бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру, біліктілік талаптарына сай келуін қарау  процесстері автоматтандырылды. Ол мемлекеттік қызметке үміткерлерді артық құжат жинаудан босатады.