Саясат

Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыруға атсалысуымыз керек – Кәрімбек Құрманәлиев

Кеше, 12-ші қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының президенті, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Рауан Кенжеханұлын қабылдады. Кездесуде мемлекеттік тілді нығайту ісіндегі өзекті мәселелерді талқыланды. Осы орайда  Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ұлттық құрылтай мүшесінің сөзінше, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмысты жандандыру тапсырмасы тілші- ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүктемек.

-->

 

Кешегі кездесу жұртшылықпен қатар, тіл жанашырларын да ерекше қатты қуантты. Қазақ тілін одан әрі дамыту мәселесі әрқашан мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты болып қала беретінін тілге тиек еткен Мемлекет басшысы , қазақ тілінің қолданыс аясын одан әрі арттыруға бағытталған практикалық жұмыстарға мән беру маңыздылығына кеңінен тоқталды. Әсіресе, білім беру ісіндегі, технологиядағы және медиа саласындағы қазақша контент пен цифрлық өнімдерді әзірлеуге ерекше көңіл болу керектігін астын сызып айтты,- дейді Кәрімбек Құрманәлиев. 

Ұлттық құрылтай мүшесінің сөзінше, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмысты жандандыру тапсырмасы тілші- ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүктемек.

Президент балаларға арналған анимациялық туындылар шығарудың, көпшілікке арналған кино өнімдері мен ғылыми-танымдық әдебиеттер қорын молайтудың да маңызы зор екеніне назар аударды. Әсіресе әлеуметтік желілерде ағартушылық бағыттағы арналар ашу, ғаламдық цифрлық платформаларды қазақшалап, тіл үйренуге мүмкіндік беретін отандық ақпараттық жүйелерді көбейту- күн тәртібіне көтерілуі керектігі көптің көңілінен шықты. Сондай- ақ, жастардың арасында тіл тазалығын сақтау үшін оқу және жазу сауаттылығын арттыруға арналған іс-шараларды қолға алуды атап көрсетіп, мемлекеттік тілді ғылым мен техника тіліне айналдыру бағытында жұмысты жандандыру тапсырмасы тілші- ғалымдарға да үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізгім келеді. Ендеше, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі арттырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған Мемлекет басшысының ұсыныстарын жүзеге асыруға атсалысу - баршамыздың парызымыз екенін ұмытпайық,- деді ол.