Мемлекеттік аппарат әр бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек - Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен өткен кездесуде мемлекеттің бизнес алдындағы міндеттеріне тоқталды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер «шағымданушы» немесе «қолдауға мұқтаж» рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс.
-->Мемлекеттік аппарат әрбір бизнесменге заң бұзушы ретінде қарамауы керек. Мұндай ұстаным, түптеп келгенде, басқарудың репрессивті сипатына алып келеді. Мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуге міндетті. Тағы да ерекше атап өткім келеді. Көмектесуі керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, кәсіпкерлер «шағымданушы» немесе «қолдауға мұқтаж» рөлінде көрінбей, мемлекеттік аппараттың теңқұқылы серіктесіне айналуға тиіс.
Жеке капиталды қорғау деңгейінің осалдығы, мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуы, бағаның нарыққа қайшы жолмен белгіленуі және шамадан тыс реттеу тетіктері – бизнесті толғандыратын мәселелер мұнымен бітпейді. Кәсіпкерлердің соттарға, құқық қорғау және салық органдарына, жергілікті билікке қатысты шағымдары азаймай тұр. Бұл ретте бизнес тарапынан да салықтан жалтару, капиталды жылыстату, мемлекеттік қолдауға ие болған кезде алаяқтық жасау фактілері жиі ұшырасады. Еңбек ұжымдарының құқығын таптау жағдайлары да кең таралған. Осының салдарынан екі тарап әрдайым бір-біріне сезіктене қарап, кінә артуға дайын тұрады, - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.