Саясат

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Қызылорда-нан» цехына барды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қызылорда-нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешені биыл қазан айында іске қосылды.

Жобаның жалпы құны – 5,6 миллиард теңге. Өндіріс толығымен автоматтандырылған.

Өнімдердің 30 пайызға жуығы кәсіпорынның жеке сауда желілері арқылы сатылады, ал 70 пайызы қала аумағындағы және маңындағы дүкендерге жеткізіледі.