Мемлекет басшысы сұхбатында халық көкейіндегі сұрақтарға ашық жауап берді - Ерлан Дәкенов
Астана қаласы мәслихатының VIII сайланымының депутаты Ерлан Дәкенов Президенттің «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбаты туралы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
2023 жылы бастау алған ауқымды реформалар 2024 жылы жалғасын таппақ. Негізгі мақсатымыз - жаңа экономикалық үлгіге көшу, жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру. Ол үшін екі негізгі бағыт ұсынылды: ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, инвестиция тарту және мемлекет пен бизнес қатынасын қайта қарастыратын Салық кодексі мен тиімді әрі үнемдеп жұмсау қағидасына негізделген Бюджет кодексін қалыптастыру. Жаңа жылдың бірінші тоқсанында экономикалық, қоғамдық-саяси, гуманитарлық бағыттағы мәселелерге ерекше назар аударылмақ. Елімізде бірқатар халықаралық форумдар мен саммиттер өткізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жоспарда бар. Бұл мәдениет саласында айтулы оқиға болары сөзсіз. Мемлекет басшысы сұхбатында халық көкейінде жүрген қаңтар оқиғасына, қосарланған билік жүйесіне, саяси тұтқындарға қатысты сұрақтарға ашық жауап берді. Аталған жағдайларға қатысты нақты позициясын көрсетті. Ең бастысы жіберілген қателіктерден нәтиже шығарылды. Яғни, әділ әрі теңгерімді саяси жүйе құру үшін Конституциялық Сот қалпына келтірілді, негізгі ұстанымдар біржола бекітілді, Мәжіліс жаңа сайлау жүйесімен жасақталатын болды.
Борышкерлер мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ. Олардың құқығын қорғау үшін микрокредит ұйымдарына және коллектор агенттіктеріне деген талап күшейтілмек. Алайда бұл мәселенің ең тиімді шешімі қаржы сауаттылығын арттыру. Қасым-Жомарт Тоқаев ЖЭО және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл жағдай көп жылғы салғырттықтың нәтижесі екендігін атап өтті. Жүйелі қарастыруды талап ететін мәселелердің бірі АЭС құрылысы. Бұл бүкілхалықтық референдумда қарастырылып, халықпен шешілетін сұрақ. Сұхбат барысында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шаралар жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Енді полиция қызметкерлеріне іс қозғау үшін жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейді. Сонымен қатар Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты петиция назардан тыс қалмайтынына кепілдік берді.
-->2023 жылы бастау алған ауқымды реформалар 2024 жылы жалғасын таппақ. Негізгі мақсатымыз - жаңа экономикалық үлгіге көшу, жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру. Ол үшін екі негізгі бағыт ұсынылды: ауқымды өнеркәсіп жобаларын жүзеге асыру, инвестиция тарту және мемлекет пен бизнес қатынасын қайта қарастыратын Салық кодексі мен тиімді әрі үнемдеп жұмсау қағидасына негізделген Бюджет кодексін қалыптастыру. Жаңа жылдың бірінші тоқсанында экономикалық, қоғамдық-саяси, гуманитарлық бағыттағы мәселелерге ерекше назар аударылмақ. Елімізде бірқатар халықаралық форумдар мен саммиттер өткізіледі, оның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу жоспарда бар. Бұл мәдениет саласында айтулы оқиға болары сөзсіз. Мемлекет басшысы сұхбатында халық көкейінде жүрген қаңтар оқиғасына, қосарланған билік жүйесіне, саяси тұтқындарға қатысты сұрақтарға ашық жауап берді. Аталған жағдайларға қатысты нақты позициясын көрсетті. Ең бастысы жіберілген қателіктерден нәтиже шығарылды. Яғни, әділ әрі теңгерімді саяси жүйе құру үшін Конституциялық Сот қалпына келтірілді, негізгі ұстанымдар біржола бекітілді, Мәжіліс жаңа сайлау жүйесімен жасақталатын болды.