Мемлекет басшысы Голан жоталарынан оралған әскери қызметшілерді марапаттады
Президент Голан жоталарынан оралған әскери қызметшілерді марапаттады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын үлгілі атқарғаны, Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бітімгерлік миссиясын жүзеге асыру барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметшіні мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
Қаулы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.