Саясат

Дархан Жазықбай Өзбекстандағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директорымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігінің директоры Баходир Рахматовпен кездесті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласын дамыту бойынша тәжірибе алмасудың маңыздылығы талқыланып, Қазақстанның мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесі Өзбекстанның осы салаға жауапты уәкілетті мемлекеттік органын құру және заңнамалық актілерді қабылдау кезінде жіті зерделенгені атап өтілді. 

Айта кету керек, биылғы жылдың қыркүйек айында Өзбекстанның Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігінің өкілдері Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметтегі ассесмент бойынша оқытудан өткенболатын.

Дархан Жазықбай өзбек әріптестерін Мемлекет басшысының «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидасы аясында іске асырылып жатқан мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту шараларымен таныстырды. Ол мемлекеттік аппаратта сервистік және адамға бағдарлану қағидаттарын ілгерілету, мемлекеттік қызметтің гибридтік моделін қалыптастыру, қызметшілерді кәсібилендіру жұмыстарына тоқталды.

Өзбекстан тарапы елімізде мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына, мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау жүйесіне, мемлекеттік қызметшілердің икемді жұмыс кестесіне қызығушылық танытып, тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді. 

МҚІА төрағасы мемлекеттік кызметке кадрларды цифрлық форматта іріктеуді жүзеге асыратын «eQyzmet» жүйесінің мүмкіндіктеріжәне мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін үздіксіз арттыру шаралары туралы айтты.

Кездесу соңында тараптар алдағы уақыттатығыз байланыста жұмыстар атқаруға ниетті екендіктерін білдірді.