Мұхтар Тілеуберді жаңа қызметке тағайындалды
Президент жарлығымен Аустрия Республикасы мен Андорра Князьдігіндегі елшілер тағайындалды, деп хабарлады Eorda.info Ақордаға сілетеме жасап.
Еске сала кетейік Мұхтар Тілеуберді бұған дейін ҚР сыртқы істер министрі қызметін де атқарған болатын.
-->
Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалдығ-,-делінген дереккөз таратқан мәліметте.
Еске сала кетейік Мұхтар Тілеуберді бұған дейін ҚР сыртқы істер министрі қызметін де атқарған болатын.