Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ұлттық құрылтайдың жұмысына қоғам өкілдері – Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Имамзада Шағыртаев, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Бақыт Бексейітова және математик, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі Дурвудхан Сұраган тартылды.
Ротация аясында Ұлттық құрылтай құрамынан Л.Тараков (дүниеден өтуіне байланысты), Б.Қаниев, Қ.Бисенов, А.Орынбек, С.Сәдуақасов, М.Жабағин шығарылды.