Саясат

Әкімдер қызметіне жаңа міндеттер енгізілуі мүмкін

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстанның Бюджет кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобалары қаралып жатыр, деп хабарлады Elorda.info

Депутаттар назарына бірінші оқылымға ұсынылған заң жобаларын Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров түсіндіріп берді.

Олар:

Біріншіден, бұл бюджеттік процестерді жеңілдету.

Екіншіден, блоктық бюджеттің элементтерін енгізу.

Үшіншіден, мемлекеттік қаржыны шоғырландырылған басқару үшін заңнамалық негіз құру.

Төртіншіден, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру.

Бесіншіден, нәтижеге бағытталған бюджет қағидаттарын күшейту және нәтижелерді басқару құралдарын жетілдіру.

Министр жергілікті бюджеттің шығысын жоспарлау сапасын арттыру бойынша бірқатар норма заңға енгізілгенін атап өтті. Осылайша, әкімдерге жаңа талап қойылмақ.

Әкім қызметінің бір базалық құжатын – өңірді дамыту жоспарын айқындау ұсынылады. Тек даму жоспары негізінде бюджет бөлінуі керек. Оның құрамында бюджетті жоспарлау және өңірді дамыту үшін негіз болатын инвестициялық жоспар әзірленеді. Мұндағы басты мәселе, ол барлық мемлекеттік органда бар деректердің негізінде елді мекендер бөлінісінде проблемалық және басым аймақтарды көрсететеді. Бұл ақша бөлу кезінде, ақшаны қайда және неге бағыттау керек екені көрініп тұратын қолайлы құжат болады, - деді Қуантыров Мәжілісте.

Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру үшін барлығы 26 заңға түзету мен өзгерту енгізіледі.