Қазақстанға Жапония Премьер-министрі ресми сапармен келеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.
10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.
-->