Саясат

Италия Премьер-министрінің Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды – Ақорда

Италия Үкіметі басшысының Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ондағы дерекке қарағанда, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.

-->

Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды, - деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.

Ондағы дерекке қарағанда, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.