Саясат

Италия Премьер-министрі Қазақстанға ресми сапармен келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.

27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.