Иран мен Қазақстанда әл-Фарабиге арналған халықаралық конгресс өтеді

2 қараша, 2025
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views52
Иран мен Қазақстанда әл-Фарабиге арналған халықаралық конгресс өтеді
Фото: eurasiatoday.ru

Иран мен Қазақстан өкілдері Халықаралық әл-Фараби конгресін өткізуге уағдаласты. Бұл туралы Ирандағы Қазақстан елшісі Оңталап Оңалбаев пен Иранның Мәдени ескерткіштер мен көрнекті тұлғалар қауымдастығының басшысы Махмуд Шалуиймен кездесуде мәлім болды, деп хабарлады Elordainfo.kz EurasiaToday-ге сілтеме жасап.

EurasiaToday басылымының Мәдени ескерткіштер мен көрнекті тұлғалар қауымдастығына сілтеме жасап хабарлауынша, осы ұйымның басшысы Махмуд Шалуий Ирандағы Қазақстан елшісімен кездесуіне ризашылық білдірді.

Оның айтуынша, тату көршілік пен ортақ мәдени мұра екі ел арасында үзілмейтін байланыс қалыптастырды. Екі ел арасындағы бірлескен іс-шаралардағы ең маңызды қадамдардың бірі – көрнекті тұлғаларды еске алу шараларын өткізуге, соның ішінде Халықаралық әл-Фараби конгресін өткізуге күш салу. Себебі әл-Фараби әлемдік деңгейдегі ұлы ислам философы және ғалым ретінде екі ел арасындағы бірлескен мәдени және ғылыми ынтымақтастыққа негіз бола алады.

Ирандағы Қазақстан елшісі Оңталап Оңалбаев та Иран мен Қазақстанның тарихи және мәдени негізі екі елдің терең өркениеттік тарихы бар екенін тілге тиек етті.