ҚХР Төрағасын балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды
Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды», - делінген хабарламада.
Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.