Саясат

Ермұрат Бапи: Ұлттық құндылық пен рухани негізге жасалып жатқан шабуыл

Бүгін Мәжіліс отырысында депутат Ермұрат Бапи Ислам дінінің жат ағымдарының қазақ қоғамына қаупі туралы, ҚР Премьер-министрі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info

Мәжіліс депутаты өзінің сауалында әріптесі депутат Ринат Зайытовтың жақында айтқан азаматтық пікіріне қарсы жасалған түрлі шабуылдар саяси қатердің сипатын сездіреді деген пікір айтты. Сонымен қатар домбыраны харам деген пікірге қатысты өз ойын айтып өтті

Мәжілісмен Исламдық сектаның еліміздің біраз аймақтарында  етек жайып бара жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ базар секілді сауда орындарында салафизмге табынушылар мен жақтаушылардың үлес саны ұлғайып бара жатқандығына да алаңдаушылық білдірді. 

Халық қалаулысы жауапты орындарға жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттің зайырлы даму болашағын әлдебір күштердің иемденіп кетуіне жол бермеуіміз керек дегенді баса айтты. 

-->

Парламент депутаты Ринат Зайытовтың азаматтық пікіріне қарсы шабуылдар осындай саяси қатердің сипатын сездірсе керек. Қоғамды арабтық-уахабтық діни ұстаным негізде бөлшектеуге бағытталған бұл әрекеттерге біздер – депутаттар жайбарақат қарап отыра алмаймыз! Біз мыңжылдық домбыраны харам қылуға жол бермейміз! Бұл әрекеттер елдің ұлттық құндылықтар жүйесі мен рухани негізіне жасалып жатқан шабуыл деп түсіну керек!,- деді ол. 

Мәжілісмен Исламдық сектаның еліміздің біраз аймақтарында  етек жайып бара жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ базар секілді сауда орындарында салафизмге табынушылар мен жақтаушылардың үлес саны ұлғайып бара жатқандығына да алаңдаушылық білдірді. 

Бір өкініштісі – бұл исламдық секта Қазақстанның бірқатар аймағында, әсіресе Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау, Алматы өңірінде етек жайып барады. Бұл өңірлердің шағын бизнесін, әсіресе базар саудасы төңірегін уахабшылар – салафизмге табынушылар басып барады. Яғни бұл теріс сектаның дамуына кеңінен мүмкіндік беріп, жан-жақты жағдай жасап отырған жергілікті билік өкілдері бар деген сөз. Жасыратыны жоқ, уақытында елге танымал азаматтар, оның ішінде депутаттар да қоғамға салафизм мен арабизацияны енгізуге тырысты. Жақтаушылар іздеп, қолдаушылар тапқандары да бар. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің өз ішінде де, уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын лауазымды қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Халық қалаулысы жауапты орындарға жолдаған депутаттық сауалында мемлекеттің зайырлы даму болашағын әлдебір күштердің иемденіп кетуіне жол бермеуіміз керек дегенді баса айтты. 

Жасыратыны жоқ, мемлекеттік биліктің өз ішінде де уахабизм мен жат ағымдарды насихаттауды қолдайтын жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер бар деген дерек менің құлағыма жетті. Егер осы сөз қаңқу емес, нақты жағдай осылай болса, онда біздің тәуелсіз мемлекеттігімізге шынында да қатер төнгені. Ел Конституциясының талабы бойынша, мемлекеттің зайырлы даму болашағын әлдебір күштердің иемденіп кетуіне жол бермеуіміз керек!" – деді Ермұрат Бапи