Ермұрат Бәпи Amanat қатарына қосыла ма: депутат жауап берді
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Мәжіліс кулуарында қай партияға баратынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Әзірше мен ондай шешімге келе қойған жоқпын. Бірақ Amanat-тың ішінен білімді, білікті, халықтың мүддесін қорғайтын, осы жолда жаға жыртысуға дейін баратын жақсы депутаттардың барын көріп жүрмін. Әсіресе жұмыс тобында заң жобасына талқылау барысында байқап жүрмін, Amanat-тың жігіттері оппазициялық пікірдегі азаматтардан да күшті халықтың жағына шығады.
Ал «партия депутатты қорғай ала ма?» деген сауалға келсек, ешқандай партия ешкімді толық қорғай алады деп ойламаймын. Партия деген тірі «организмде» өмір сүреміз ғой. Ол жерде елдегі саяси жағдаяттарға байланысты әртүрлі шаралар, әрекеттер болады. Бір күні сен партияда болатын, елдегі болып жатқан ситуацияға байланысты бір сөздің пұшпағына ілініп кетуің мүмкін. Мені әлдебір партия толық қорғайды деп малданатын ештеңе жоқ. Мәселе мынада, партияға мені партия қорғайды деп емес, мен партия арқылы қоғамға, елге, халыққа, өз сайлаушыларыма қалай қызмет ете алам деген мақсатпен бару керек. Мен партиядан қорғаныс іздемеймін, партия менен қорғаныс іздесін», - деді Е.Бәпи.