Ерлан Қошанов Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасымен кездесті
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Түркияға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Мәжіліс төрағасы алдымен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты.
Сонымен бірге алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісі аумағында бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстанның Түркиямен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.
Кездесу соңында тараптар Мәжіліс пен Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.
-->Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Түркияға жұмыс сапары аясында Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоппен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Мәжіліс төрағасы алдымен Түркияда болған жойқын жер сілкінісі барша қазақ халқының қабырғасын қайыстырғанына тоқталып, көңіл айтты.
Сонымен бірге алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жер сілкінісі аумағында бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы жоспарланып отырғанын атап өтті.
Ерлан Қошанов Қазақстанның Түркиямен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.
Бүгінгі күнге дейін достық топтар мен парламенттік комитеттер деңгейіндегі ықпалдастығымыз оң нәтиже көрсетіп келді. Сондықтан бұл қарқынымызды бәсендетпей, белсенділік танытып, осы бағытта жұмысымызды жалғастыруымыз қажет. Бұл заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Біз барлық бағытта белсенді қызмет етуге дайынбыз, – деді Е.Қошанов.
Кездесу соңында тараптар Мәжіліс пен Ұлы Ұлттық Жиналысы арасындағы ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды.