Саясат

Елордаға Армения Президенті ресми сапармен келеді

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.