Елімізден Арменияға ешқандай әскери техника жеткізілмеген
Әлеуметтік желі мен түрлі ақпарат құралдарында пайда болған Қазақстан Арменияға әскери техника жеткізгені туралы ақпаратты Қорғаныс министрлігі өкілдері жоққа шығарды, деп хабарлады Elorda.info Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
-->
Армения Республикасына қазақстандық қару-жарақты жеткізу туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар 2022 жылдан бастап Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға тыйым салынған. Осыған байланысты, азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын мұндай қауесеттерге ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз", – деп жазды дереккөз.