Елімізде қазақ-француз университеті ашылады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Француз Республикасы Президенті Эмманюэль Макрон бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info Aқордаға сілтеме жасап.
Кездесуде «Болашақ» бағдарламасына қатысатын француз университеттерінің тізімін кеңейтілетіні айтылды.
-->Кездесуде «Болашақ» бағдарламасына қатысатын француз университеттерінің тізімін кеңейтілетіні айтылды.
Президенттер жоғары білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өтті. Осы орайда, «Абай-Верн» екіжақты бағдарламасы аясында грант санын ұлғайту және «Болашақ» бағдарламасына қатысатын француз университеттерінің тізімін кеңейту есебінен қазақ студенттерінің Францияда білім алуын арттыруды құптады. Тараптар Қазақстанда Қазақ-француз университетін құру жұмысын жалғастырады. 2023 жылғы 1-3 қарашада Алматы қаласында Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII Халықаралық форумының өтуін құптады, - делінген ақорда таратқан ақпаратта.