Саясат

Еліміз Халықаралық кинология федерациясына мүшесі болып танылды

Бұл туралы Президенттің іс басқарушысы Айбек Дәдебаев  өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Халықаралық кинология федерациясы (FCI) Бас Ассамблеясының отырысында Қазақстан кинологтары одағы осы ұйымның толыққұқылы мүшесі деп танылды. Бүгін Женевадағы жиында дауыс беру рәсімі өтіп, 77 мүше мемлекеттің 72-сі қазақстандық ұйымның кандидатурасына қолдау білдірді. Осы іске атсалысқан мемлекеттік қызметкерлерге, дипломаттарға, қолдап дауыс берген елдерге және FCI басшылығына шынайы алғысымды айтамын, - деп жазды ол.