Елдегі демографиялық өсім әлеуметтік саясаттың дұрыстығын көрсететеді
Халқымызда «дүниеге бір қозы артық келсе, бір түп жусан артық шығады» деген керемет даналы сөздері бар. Әр баланың өмірге келуінен, өз несібесімен келгенін жақсылыққа жорыған халқымыз, адамның өсімінен көп үміт артқан.
Соңғы жылы жүргізілген Қазақстан бойынша, адам санының жаңа санағы екі жылдық көрсеткіштерімен анықталып келген болатын. Мәселен, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздегі халық саны 19 186 015 адамды құраған. Бұл алдыңғы он жыл бұрынғы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, бірден 20 пайызға халық санының ұлғайғандығын байқатты. Егер бұны әлемдік демографиялық орташа даму көрсеткішімен байланыстырсақ, өте жоғары нәтиже.
Жаңаланған демографиялық көрсеткіштерден, әлеуметтік саясаттың оңтайланғандығы мен нарықтық сауда-саттықтың, экономикалық даму деңгейінің өсімімен байланыстыруға болады. Егер Қазақстан демографиялық даму деңгейі бойынша үздік бестікке кіргенімен, сол бестіктегі елдермен салыстыра қарастырсақ, еліміз Сингапурдан кейінгі орынды еншілеп тұр. Яғни, әлемнің қаржы хәм сауда-саттық орталығына айналған «арыстандар қаласында» орналасқан, кезінде Ли Куан Юдің үздік реформаторлық саясаты жүрген мемлекеттің даму бағытында үзеңгілесіп тұрғанын көру қиын емес.
Дәл солай, демографиялық дамудың бірден бір даму деңгейінің өсіміне, елдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың тұрақтылығы орасан зор әсер ететіндіктен, әлеуетті ортаның «жылымық» дәрежесі, яғни қолайлы ортаның қалыптасуымен байланыстыру қисынды мысал. Алайда, статистикаға да обьективтік қарауды ескеру қажет. Сол демографиялық дамудың «үздік бестігінде» Нигер, Сирия, Конго сияқты қоғамдық саяси тұрақсыздығы мен кедейшілдігі басым елдердің тұруы да саяси-қоғамдық талдаудың басқа қырын танытады. Өкінішке орай, демографиялық дүмпулердің даму факторлары осы ретте әр түрлі болатындығы сондықтан.
Бірақ, аталған бестіктегі елдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің орын алуы немесе алмауына қарай жіліктеп қарастырған абзал. Сол себепті, Сингапурмен еншілес тұрған еліміздің адам санының өсімін, тек позитивтік өзгерістермен байланыстырғанды жөн көрдік. Конго, Нигер не Сириямен барлық геосаяси, геоэкономикалық, ішкі тұрақсыздық, экономикалық коллапс, экологиялық хәм денсаулық сақтаудың құлдырауы т.с.с. қыруар факторларды ескере отырып, салыстыру қисынға келмейтіні анық.
Осы ретте, әлеуметтік салмақ, сөзсіз аймақ орталықтарына түседі. Әлеуметтік мүмкіндіктер, инфрақұрылымның кеңеюі, қоғамдық қарым-қатынастың күрделенуі сияқты құбылыстар дер кезінде орындалып отыру тиіс. Болмаса, жаңа әлеуметтік текетірестер мен күйзелістердің ортасына айналу қауіптерін де жоққа шығармау керек. Әрине, бұл да урбанизациядан күтілетін болжамдық құбылыстар.
Аталған демографиялық өзгерістер, қаланың құрылымдық-сәулеттік дамуына едәуір серпін берген. Бұл күнде аумағы бес ауданға ұлғайған Астана қаласы салыстырмалы талдауда, халық санымен экономикалық тұрақты даму деңгейі жағынан көңіл көншітеді. Қаланың ішкі әлеуметтік-экономикалық хәм агломерциялық саясатының нәтижелігін Нұра ауданының бесінші аудан ретінде енгізіліп, қала сыртындағы елді-мекендерді орынды біріктіру арқылы жүзе асырылуы, қосымша қала аумағының кеңеюіне мүмкіндік ашты. Бұл өз кезегінде, жаңа инфрақұрымдар мен өндірістік орындар, жайлы баспана, әлеуметтік нысандардың өсімі деген сөз.
Мақсат ЖАҚАУ
-->Соңғы жылы жүргізілген Қазақстан бойынша, адам санының жаңа санағы екі жылдық көрсеткіштерімен анықталып келген болатын. Мәселен, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде еліміздегі халық саны 19 186 015 адамды құраған. Бұл алдыңғы он жыл бұрынғы 2009 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, бірден 20 пайызға халық санының ұлғайғандығын байқатты. Егер бұны әлемдік демографиялық орташа даму көрсеткішімен байланыстырсақ, өте жоғары нәтиже.
Бұған дәлел, Біріккен Ұлттар Ұйымының 2023 жылғы демографиялық өсім негізінде 217 елдің ішінен, Қазақстан жылдық 3,2 пайыздық өсіммен төртінші орында тұрақтаған екен. Әлбетте, елімізде араға он жыл салып адам санының өсімінің бақандай 20 пайызға ұлғаюы осыдан көруге болады. Айтпақшы, осы көрсеткіште, әлемдегі халқы көп Қытайдың өзі 0 пайыздық көрсеткішпен 178 орынға тұрақтаса, Ресей 0,1 пайызбен 174 орынға, АҚШ 0,4 пайызбен 154 орынға иеленген. Ал көрші Өзбекстан 43-і, Тәжікстан 44-і, Қырғызстан 59-ы, Түркменстан 73-і орындарда тұр.
Жаңаланған демографиялық көрсеткіштерден, әлеуметтік саясаттың оңтайланғандығы мен нарықтық сауда-саттықтың, экономикалық даму деңгейінің өсімімен байланыстыруға болады. Егер Қазақстан демографиялық даму деңгейі бойынша үздік бестікке кіргенімен, сол бестіктегі елдермен салыстыра қарастырсақ, еліміз Сингапурдан кейінгі орынды еншілеп тұр. Яғни, әлемнің қаржы хәм сауда-саттық орталығына айналған «арыстандар қаласында» орналасқан, кезінде Ли Куан Юдің үздік реформаторлық саясаты жүрген мемлекеттің даму бағытында үзеңгілесіп тұрғанын көру қиын емес.
Дәл солай, демографиялық дамудың бірден бір даму деңгейінің өсіміне, елдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың тұрақтылығы орасан зор әсер ететіндіктен, әлеуетті ортаның «жылымық» дәрежесі, яғни қолайлы ортаның қалыптасуымен байланыстыру қисынды мысал. Алайда, статистикаға да обьективтік қарауды ескеру қажет. Сол демографиялық дамудың «үздік бестігінде» Нигер, Сирия, Конго сияқты қоғамдық саяси тұрақсыздығы мен кедейшілдігі басым елдердің тұруы да саяси-қоғамдық талдаудың басқа қырын танытады. Өкінішке орай, демографиялық дүмпулердің даму факторлары осы ретте әр түрлі болатындығы сондықтан.
Бірақ, аталған бестіктегі елдердің әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің орын алуы немесе алмауына қарай жіліктеп қарастырған абзал. Сол себепті, Сингапурмен еншілес тұрған еліміздің адам санының өсімін, тек позитивтік өзгерістермен байланыстырғанды жөн көрдік. Конго, Нигер не Сириямен барлық геосаяси, геоэкономикалық, ішкі тұрақсыздық, экономикалық коллапс, экологиялық хәм денсаулық сақтаудың құлдырауы т.с.с. қыруар факторларды ескере отырып, салыстыру қисынға келмейтіні анық.
Сонымен, елімізде демографиялық тұрақты өсімнің қалыптасқанын анықтадық. Оның негізгі көрсеткіштерінде, үш аймақтың (Алматы қаласы, Түркістан облысы, Алматы облысы) халық саны 2 млн-нан асып жығылады. Бұл ең алдымен урбанизация процесінің көрсеткіші. Табиғи сұрапталу үрдісі былайша айтқанда, алыс-шалғай аудан-ауылдардың өмір сүру деңгейі төмендеп, қолайлы орталыққа қарай ығысуымен жылжығандығын көреміз. Санақ нәтижесінде, қалалықтар саны ұдайы өсіп - 56,1 пайыздан 61,2 пайызға көтерілген. Яғни, ауылдық аймақтардағы халық саны 2009 жылғы 43,9 пайыздан қазіргі 38,8 құрап отыр. Ал қала халқы 2,7 млн адамға өскен, мұндай аймақтарға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан өңірлері кіреді. Бірақ қала халқы жағынан 80 пайызды межеге жеткен Қарағанды облысы көш бастап тұр. Мұнда урбанизацияның жоғарғы шебі айқын көрініс тапқан. Себебі ауылда 20 пайызы қалып, қалған 80 пайызы қалаға ауысу миграциясы өте жылдам дәрежеде жүргендігі байқалды.
Осы ретте, әлеуметтік салмақ, сөзсіз аймақ орталықтарына түседі. Әлеуметтік мүмкіндіктер, инфрақұрылымның кеңеюі, қоғамдық қарым-қатынастың күрделенуі сияқты құбылыстар дер кезінде орындалып отыру тиіс. Болмаса, жаңа әлеуметтік текетірестер мен күйзелістердің ортасына айналу қауіптерін де жоққа шығармау керек. Әрине, бұл да урбанизациядан күтілетін болжамдық құбылыстар.
Жақында Астана қаласының тұрғындарының көбейгендігін көзіміз шалды. Оны Ұлттық статистикалық Бюроның есебінен көрдік. Астанада соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2009 жылғы көрсеткіштен адам саны 2 есеге өскен. Нақтырақ айтсақ, 613 мыңнан 1 млн 234 мың адамға өскен. Бұл басқа да ең жоғары даму деңгейіндегі өңірлермен салыстырғанда (Шымкент 1,5 есе, Маңғыстау 1,3 есе) айтарлықтай алдыңғы қатарда тұр.