Egemen Qazaqstan газетінде Президенттің көлемді сұхбаты жарияланады
Egemen Qazaqstan газетінде Президенттің көлемді сұхбаты жарияланады, деп хабарлады Elorda.info.
-->
«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланады», - делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.