Дін мәселесіне сергек қарамасақ, жастарымызды адастырамыз - депутат
Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай жат діни ағымдар жастарды соқыр фанатизмге, радикализмге итермелеп жатқанын айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Ол радикалды ағымның кесірінен Сирияға кетіп, қыршынынан қиылған ұлдардың тағдыры, содырлардың қолжаулығына айналып, абыройынан айырылған қазақ қыздарының өкінішке толы адасқан өмірі қоғамға сабақ болуы тиіс екенін айтты. Бірақ бүгінгі ахуал өткеннің қателігінен сабақ алмағанымызды көрсететінін атап өтті.
Аманжол Әлтайдың пікірінше, төл мәдениетімізге, ұлттық тәрбиемізге мән беріп, жат ағымдардың шабуылына тыйым салғанда ғана өнегелі ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Сонымен қатар ол саналы дәстүр мен дұрыс білімге бағытталмаған діннің қауіпті екенін айтты.
Депутат жат ағымдардың қасиетті домбырадан бастап, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп, ата жолынан адастыруға тырысып жатқанын атап өтті.
Депутаттың сөзінше, халықты аздыратын осындай шабуылдарға заңмен тыйым салу қажет.
-->Ол радикалды ағымның кесірінен Сирияға кетіп, қыршынынан қиылған ұлдардың тағдыры, содырлардың қолжаулығына айналып, абыройынан айырылған қазақ қыздарының өкінішке толы адасқан өмірі қоғамға сабақ болуы тиіс екенін айтты. Бірақ бүгінгі ахуал өткеннің қателігінен сабақ алмағанымызды көрсететінін атап өтті.
Атаның батасын, әкенің ақылын, ананың өнегесін бойына сіңіре білген, сенімі берік, намысшыл халық едік, жат ағымдарға көндігіп, уағызшыл болып барамыз. Бірігуге емес, бөлінуге, өнегеге емес, өсекке өңешімізді созамыз. Өзіміздің асылымыздан жеріп, өзгенің жасығына үйірміз. Танымымыз тарылып, нанымымыз лайланып, қоғамның түсінігі қырыққа бөлініп жатыр, - деді ол.
Аманжол Әлтайдың пікірінше, төл мәдениетімізге, ұлттық тәрбиемізге мән беріп, жат ағымдардың шабуылына тыйым салғанда ғана өнегелі ұрпақ тәрбиелей аламыз.
Ұл-қыздарымызды теріс уағызбен емес, ұлттық тәрбие арқылы жөнге сала аламыз. Ол үшін мемлекеттік деңгейде ұлттық идея қолға алынуы керек. Мемлекет діннен бөлекпіз деп, жат ағымдардың тайраңдауына жол берілді. Ұлттық құндылықтарымызға, салт-дәстүрімізге шабуылдаушы күштерге «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмады. Өкінішке қарай, етек-жеңімізді жинап, есімізді жыя алмай келеміз! - деді депутат.
Сонымен қатар ол саналы дәстүр мен дұрыс білімге бағытталмаған діннің қауіпті екенін айтты.
Біз Парламенттегі ең ірі фракция ретінде ұлтты бөлетін, арамызға жік салатын теріс әрекеттерді де тезге сала алатынымыз анық. Елді бөлшектеуге жол жоқ. Дүрбелеңі көп, бүгінгі аласапыран қоғамда ұлттық асыл мұраларымыз – салт-дәстүрлерімізге деген шабуыл көбейіп жатыр.
Депутат жат ағымдардың қасиетті домбырадан бастап, тұсау кесу, беташар мен сәлем салу сияқты дәстүріміздің барлығын «харам» деп, ата жолынан адастыруға тырысып жатқанын атап өтті.
Тіпті, ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мейрамын да қаралаушылар баршылық. Қара жамылып, паранджамен бетін тұмшалап алған қаршадай қыздарымызды, сақалының ұшына қайшы тигізбей жалбыратып, балағын кесіп шолтитып, екі көзі қанталап келе жатқан ұлдарымызды көргенде қабырғаң қайысып, көңілің құлазиды, - деді спикер.
Депутаттың сөзінше, халықты аздыратын осындай шабуылдарға заңмен тыйым салу қажет.
Меніңше, біздің мемлекет ретінде араласып, жөнге салатын уақытымыз келді. Дәстүрге суарылмаған, білімге бағытталмаған дін – ақымақтың қолына ұстатқан қару секілді - деді ол.