Саясат

Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды , деп хабарлады Elorda.info 

Ақорданың ресми сайтының жазуынша, олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Сонымен қатар Президент жарлығына сәйкес, «Отан» орденімен суретші А.Ақанаев, белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Ж.Ерманов марапатталды.

-->

«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық-саяси қызметтегі аса үздік еңбегі үшін мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты Б.Ізмұхамбетовке, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі А.Шүкежановаға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры И.Шағыртаевқа берілсін,- делінген Мемлекет басшысының жарлығында.. 

Сонымен қатар Президент жарлығына сәйкес, «Отан» орденімен суретші А.Ақанаев, белгілі ақын, айтыс өнерінің дамуына ерекше еңбек сіңген қайраткер Ж.Ерманов марапатталды.

І дәрежелі «Барыс» ордені еңбек ардагерлері М.Айымбетова мен С.Тиесовке, Қонаев қаласы А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп мұғалімі Н.Лиге, телевизия ардагері Л.Сейітовке, 

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бектаевқа, «KAZGOR» жобалау академиясының бірінші вице-президенті Т.Ералиевке, еңбек ардагері О.Рахманбердиевке, 

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы М.Айнабековке, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің кафедра меңгерушісі С.Аяғановқа, еркін күрестен еңбек сіңірген спорт шебері И.Байрамуковке, «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорының төрағасы Б.Жәмішевке, қоғам қайраткері Ә.Жолшыбековке және еңбек ардагері С.Қырымқұловқа табысталды, - деп жазды Ақорда.