Саясат

Билік халықпен ашық сөйлесу мәдениетін қалыптастырып жатыр – депутат

Елімізде Конституцияға өзгерістер енгізіліп, саяси реформалардың жария етілгеніне биыл бір жыл өтті. Сол өзгерістер аясында былтыр референдум өткізілді. Сондай-ақ елде Президент, Парламент сайлауы өтті. Нәтижесінде билік құрамы да жаңарған болатын. Elorda.info тілшісі саяси және экономикалық реформалар жайында саясаттанушы Айдос Сарыммен әңгімелескен еді.

Саясаттанушының айтуынша, Президенттің реформаларының нәтижесінде саяси институттар жаңарды. Мәжіліске алғаш рет 6 саяси партия мен бірмандатты округтен сайланған депутаттар өтті. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, Президент 7 жылға 1 рет қана сайланады. 

Айдос Сарым өз сөзінде елімізде жаңа саяси партиялар тіркеліп жатқанын айтты. 

-->

Қазақстан – Орталық Азияда кешенді реформа жасап жатқан жалғыз мемлекет. Елімізде саяси реформалармен қатар әлеуметтік-экономикалық реформалар да жасалып жатыр. Бұл үлкен тәуекелділікті қажет етеді. Себебі бүгінде экономикалық және геосаяси жағдай күрделеніп барады. Біз айқын түсініп жатқан дүние бар. Ел дұрыс бағытта дамуы үшін саяси құрылымды өзгертіп, экономиканың мән-мазмұнын жаңартып, жаңа ойын ережелерін қалыптастыруы қажет. Олай етпесек, онда біз алға ілгерілемейміз, - деді Айдос Сарым.

Саясаттанушының айтуынша, Президенттің реформаларының нәтижесінде саяси институттар жаңарды. Мәжіліске алғаш рет 6 саяси партия мен бірмандатты округтен сайланған депутаттар өтті. 

2022 жылы елімізде референдум өтіп, Конституцияның 1/3 бөлігі жаңарып, жаңа ойын ережелері қалыптасты. Соңғы 10 айдың ішінде 3 сайлау өткіздік. Көп азаматтың саясатпен айналысуына мүмкіндік беріліп жатыр. Соның нәтижесінде саясатқа сұраныс туып, бәсекелестік артып жатқанын байқаймыз. Ел тарихында алғаш рет Мәжіліске алты партия өтті. Бұл да үлкен жаңалық, - деді депутат.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Президент 7 жылға 1 рет қана сайланады. 

Мұндағы мақсат – билік пен халықтың арасын жақындату, билік тізгінін халыққа беру мәдениетін қалыптастыру. Менің ойымша, қазіргі кезде проблеманы шынайы айта білуіміз керек. Қаңтар оқиғасының бір «жетістігі», қазір билік халықпен ашық сөйлесу мәдениетін қалыптастырып жатыр. Бізге проблеманы бірге шешудің мәдениеті жетіспейді. Билік халық ашық сөйлесе алатын, барды - бар, жоқты - жоқ деп айта алатын мәдениетті қалыптастыру қажет. Себебі біз «даңғаза» әңгімемен ұзаққа бара алмаймыз, - деді Мәжіліс депутаты.

Айдос Сарым өз сөзінде елімізде жаңа саяси партиялар тіркеліп жатқанын айтты. 

Жаңа саяси партиялардың тіркелуі – саяси реформаның нақты нәтижесі. Мемлекет халықтың мәселесіне назар аударатын, жіті бақылайтын «еститін мемлекет» деген концепцияны іске асырып жатыр. Мемлекеттік органдардың ашықтығы еліміздегі реформалардың тікелей нәтижесі деуге болады, - деп сөзін түйіндеді Мәжіліс депутаты.