Саясат

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жаңа директоры тағайындалды

Жандос Шаймарданов Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды», - делінген хабарламада.