Саясат

Қазақстанның Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады

Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - делінген хабарламада. 

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі және Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші);

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp);

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp);

+7 700 111 31 96 (WhatsApp).