Саясат

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз қырық бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырып, мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде оның сызығын белгілеуге байланысты бірқатар мәселелерді, сондай-ақ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарларын талқылады.

«Комиссияның келесі отырысы 2024 жылғы қыркүйек-қазанда Ресей Федерациясының аумағында өтеді», - делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.