Саясат

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info

Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев шағын құрамдағы кездесуден кейін екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен келіссөзді кеңейтілген құрамда жалғастырды. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аудара отырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың негізгі мәселелерін жан-жақты талқылады. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Әзербайжан Президентінің бұл сапарының маңызы зор екенін айтты. 

– Әзербайжан – бізге маңызды және сенімді серіктес қана емес, бауырлас әрі жақын мемлекет. Ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен өзара қолдаудың мызғымас байланыстарына сүйене отырып, біз бүгінде шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты жолға қойдық. Елдеріміз арасында қарқынды және сенімді саяси диалог орнады. Үкімет деңгейінде үйлесімді жұмыстар атқарылып, көпжақты платформалар аясында сындарлы өзара іс-әрекет жүргізіліп келеді, – деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасында ауқымды шарттық-құқықтық база қалыптасқанына тоқталды. 

– Біз былтыр Стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық ынтымақтастықты тереңдету туралы декларацияға, сондай-ақ Ынтымақтастықты дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді бағдарламасына қол қойдық. Бүгін тағы бірқатар маңызды құжат қабылданады. Сонымен қатар Сіздің бүгінгі сапарыңыз аясында ынтымақтастығымыздың саяси тұғырнамасына тың серпін беретін Жоғары мемлекетаралық кеңес құрамыз. Бұл екіжақты қатынастарға тың серпін беретіні сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы. 

Президенттер екі елдің сауда-экономика саласындағы қарым-қатынастарының айтарлықтай ілгерілеп келе жатқанына көңілдері толатынын мәлімдеді. Былтыр екіжақты тауар айналымы 40 пайызға артып, жарты миллиард долларға жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның экономикалық әлеуетін толыққанды пайдалана отырып, бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізуге мүмкіндік бар деп санайды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазақ-әзербайжан қатынасын нығайтуда мәдениет саласындағы ынтымақтастық ерекше рөл атқаратынына назар аударды. 

– Екі елдің мәдени онкүндігін өткізу туралы уағдаластықты ерекше атап өткім келеді. Биыл Әзербайжанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Бүгін біз құрметті Әзербайжан Президентімен бірге көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиев атындағы көшені ашамыз. Бұл игі шара әзербайжан халқының біртуар перзентінің жүз жылдығына орай өткізіліп отыр. Елдеріміздің шынайы достығы мен өзара қолдауының тағы бір айқын дәлелі – қазақ халқының Әзербайжанға тартуы Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығы. Бұл нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатқаны жөнінде маған мәлімдеді. Осы маңызды нысанның іске қосылуын жуық арада көре аламыз деп ойлаймын. Біз гуманитарлық байланыстарды жан-жақты дамытып, ортақ рухани және мәдени құндылықтарды байытуға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Астанаға шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тағы да алғыс айтты. 

– Ең алдымен, Қазақстанға ресми сапармен шақырғаныңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Бауырлас қазақ жеріне келгеніме қуаныштымын. Біздің қарым-қатынасымыз нығайып келеді. Халықтарымыздың арасындағы байланыстың тарихы терең әрі біз әрдайым бір-бірімізге бауыр ретінде қараймыз. Бүгін осы берік іргетастың негізінде келешегімізді бірге құрып жатырмыз. Біз бұған дейін талқылаған ынтымақтастықтың барлық саласының әлеуеті мол. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың айрықша маңызды екенін айта кеткім келеді. Қазақстанның Әзербайжандағы, сондай-ақ Әзербайжанның Қазақстандағы мәдениет күндерінің ұйымдастырылуы елдерімізді одан әрі жақындата түсіп, халықтарымыздың терең тарихы мен бай мәдениетін паш етеді. Біздің ойымызша, мемлекетаралық қарым-қатынасымыздың негізі – осы гуманитарлық сала. Әрине, екі тараптың да мүддесіне сай салалар аз емес. Біз, шын мәнінде, өзара ынтымақтастық пен одақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп жатырмыз, – деді Әзербайжан Президенті. 

Ильхам Әлиев бүгін екіжақты қарым-қатынастар бойынша ауқымды мәселелер көтерілгенін және халықаралық мәселелер жөнінде жан-жақты келіссөздер жүргізілгенін айтты. 

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Бірлескен мәлімдемеге және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесін құру туралы Хаттамаға қол қойды.

Әзербайжан Президентінің Астанаға ресми сапары аясында мынадай құжаттарға қол қойылды: 

1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Жастар және спорт министрлігі арасындағы Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум; 

2. Қазақстан Республикасының «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан Республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум; 

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы мен Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы арасындағы Ғылыми ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен Әзербайжан мемлекеттік ақпарат агенттігі (АЗЕРТАДЖ) арасындағы Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум; 

5. «Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Әзербайжан Республикасының Шағын және орта бизнесті дамыту агенттігі арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум; 

6. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты мен Баку халықаралық мультимәдениеттілік орталығы арасындағы Ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум.

-->