Саясат

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты арттырады

Астанада Қазақстан мен Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары өкілдерінің штабтық келіссөздері өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс ведомстволарының мақсатты топтары бейінді консультациялар өткізді. Екіжақты күн тәртібінің ағымдағы және перспективалық мәселелері бойынша тараптар әскери қауіпсіздік саласындағы ұстанымдарын нақтылап, өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.  

Делегация басшылары екіжақты әскери ынтымақтастықты сындарлы және өзара тиімді түрде ілгерілетіп дамытуға бейілділігін растады.