Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.
Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1 659 тонна көлемінде 13 түрлі тауар бар.
Бұдан басқа, «СК Фармация» ЖШС Ауғанстанға жөнелту үшін дәрі-дәрмектер бөлді.
Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық ұланның ұшағымен жіберілді.
Қалған гуманитарлық көмекті жеткізу теміржол көлігімен жүзеге асырылады.
Айта кетейік, кеше Герат провинциясына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ-нің 45 қызметкері жіберілді.
-->Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.