Саясат

Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялады

 Президент Қазақстан Армениямен миграция туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.