Саясат

Астанаға РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келді

РФ Қауіпсіздік кеңесі баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанаға Сергей Шойгу келді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді. Онда ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, қауіпсіздік мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл – Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары», – делінген хабарламада.

РФ Қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы екіжақты консультациялар, сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді.