«Қайырлы таң!»: бұрынғы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун форумға қатысушылармен қазақша амандасты
Бұл қызықты жайт туралы БОРТ №1 Telegram-арнасында жазылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы және Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун Астана халықаралық форумына қатысушылармен «Қайырлы таң!» деп қазақша амандасты», - делінген хабарламада.
Ол аталған форумда Қазақстанның орнықты даму мен климаттың өзгеруі мәселесіне қосқан үлесі жайында пікір айтты.