Ауызбіршілік пен келісімді сақтау – азаматтық міндет
Астана қаласы аумағында кез-келген діни мазмұндағы материалдардың, стендтер мен өзге де ақпараттардың таратылуы, сонымен қатар дін өкілдерінің қатысуымен болатын іс-шаралардың өткізілуі алдын-ала Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасымен келісілу керектігі, - деп хабарлады Elorda.info
Сонымен қатар, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзу – қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын жеткізеді.
Экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және тарату бойынша заң талаптары бұзылған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 453 бабының 2 тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Заңнама талаптарын сақтау, қоғамдағы ауызбіршілік пен келісімнің шырқын кетіретін әрекеттерге жол бермеу – азаматтық міндет.
-->Сонымен қатар, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында дiни жораларды, рәсімдерді және (немесе) жиналыстарды өткізуге белгіленген талаптарды бұзу – қызметтi үш ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатындығын жеткізеді.