«Ауыл – Жолдаумен үндес»: Депутат Қарақат Әбден Жолдаудағы көтерілген мәселелер туралы айтты
Депутат Қарақат Әбден әлеуметтік желідегі парақшасында Жолдауда ауыл халқына қатысты мәселелердің кеңінен көтерілгені туралы жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Депутаттың сөзінше, Жолдауда ауыл тұрғындарына қатысты бірде-бір маңызды тақырып назардан тыс қалмаған.
Мүмкін, бұл сөзіміз сәл асыра айтқандай болар, бірақ бүгінгі Президент Жолдауы – біздің АУЫЛ партиясы соңғы жылдары әртүрлі мінберлерде тұрақты түрде көтеріп жүрген мәселелердің шынайы жауабы болды.
Президент ауылдың да, ауыл тұрғындарының да, агроөнеркәсіп кешенінің де, ауыл шаруашылығының да проблемаларын ішінен жақсы біледі деген ойдамыз. Бірде-бір маңызды тақырып назардан тыс қалған жоқ.
Жолдауда Мемлекет басшысы барлық өзекті мәселелерді нақты әрі құрылымда көрсетіп, айқын бағыт-бағдар берді. Бұл – АӨК саласындағы мемлекеттік саясаттың одан әрі дәйекті және нәтижелі болатынына сенім ұялатады.
Ол сондай-ақ Жолдауда көтерілген ауылға қатысты бірнеше проблеманы атап өтті.
Жолдаудың ауыл мен АӨК-ке қатысты негізгі акценттері: жер және агроғылым, жер мен өнімділікті бақылауға арналған цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект енгізу, аграрлық ғылымды, ветеринария мен фитосанитарияны күшейту, су және технологиялар, миллиондаған гектарда су үнемдеу технологияларын енгізу. Сондай-ақ су ресурстарын басқарудың цифрлық жүйесін құру, мал шаруашылығы, ет пен сүт экспортының өсуі, ет кластерлерін, сүт фермаларын, құс фабрикаларын қолдау, - деп жазды депутат.