Саясат

Атырау мен Маңғыстаудағы төтенше жағдай Президент бақылауында – Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Маңғыстау атом энергетикалық комбинатындағы апаттардан кейін туындаған жағдайды ұдайы бақылауда ұстап отыр, деп хабарлады Elorda.info.

 

-->

 

Президент апаттардың себебін анықтау үшін мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Үкіметке аталған кәсіпорындарды қысқа мерзімде жұмыс жағдайына келтіру туралы тапсырма берілді, - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.