Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Петер Пеллегрини мен словак халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент құттықтау жеделхатында Cловакия Конституциясының қағидаттары алдағы уақытта да елдің өркендеуі мен тұрақты дамуының мызғымас кепілі ретінде қызмет ете беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас словак халқына құт-береке тіледі.