Саясат

Тоқаев Руанда Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

– Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін, – деп жазылған жеделхатта.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мейрам – Канада күніне орай Генерал-губернатор Мэри Саймонға құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті бұл айтулы дата Канада жұртшылығының ынтымақ-бірлігін көрсететінін, сондай-ақ мемлекеттің орнықты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге берік негіз қалайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Генерал-губернатордың жауапты қызметіне табыс, ал Канада халқына бақ-береке тіледі.