Қасым-Жомарт Тоқаев Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлерін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Queen’s University Belfast президенті және вице-канцлері Иан Грирді қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Ұлыбританияның жетекші ғылыми-зерттеу университетіне еліміз айтарлықтай қызығушылық танытатынын, бұл байланыс аясында білім берумен бірге ғылыми-зерттеу қызметіне ден қою көзделгенін айтты.

Кездесуде түрлі сала, соның ішінде ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мәселесі талқыланды.