Тоқаев Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.