Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы құрылғымен қыш құмыра жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао ауылына барды, деп хабарлады Elorda.info.
Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.
Содан кейін президенттер арнаулы құрылғымен қыш құмыра жасап көрді.
Қазақстан мен Вьетнам президенттері ауылды аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.
Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.
2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.
-->Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.