Тоқаев Конго Демократиялық Республикасының Президентін қарсы алды
Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.