Саясат

Алатау қаласы - аймақтық дамудың көрсеткіші

Күні кеше Мемлекет басшысы бұған дейін  тоғыз ауданы мен  облыс орталығы бір ғана Қонаев қаласы болған Алматы облысында екінші қала Алатау қаласын құру туралы қаулы шығарды. 

Рационалды аймақтық шешімнің артында даму тұр. Бұл теориялық қағида. Былтырдан бері аймақтардың агломирациялық күшейту бастамалардың бірі ретінде,  Алматы мен Қонаев қаласының арасындағы жиырма екі мың тұрғыны бар Жетіген ауылына қала мәртебесін беру мәселесі қозғалған болатын.  

Егер осыны  территориалдық бөлініспен, және экономикалық потенциалдық тұрғысынан өзгеріс деп атасақ, аймақтың дамуы үшін маңызы жоғары мүмкіндіктер беретіні сөзсіз.

Себебі, бұдан кейін, жұмыс орындарының, кәсіпкерлік нысандардың, өндірістік күштер мен әлеуметтік нысандағы инфрақұрылымдардың көбеюін былай қойғанда, тұрғындардың баспаналы болу мүмкіндіктеріне ие болуына жол ашылады. Мысалы, Алатау қаласында Отбасы банктің мемлекеттік бағдарламалары іске қосылса, қарапайым алатаулықтар алдағы уақытта ыстық жылуы мен суы, қолайлы жағдайы бар көпқабатты тұрғынүй кешендерінде тұруға мүмкіндік алады. Бұл расында, кешегі Жетіген ауылымен маңында тұрған ауылдықтар қаланың заманауи жағдайына ауысады деген сөз. Сөзсіз, бұл уақытында қолға алынған тиімді өзгеріс. 

Сонымен бірге, жанындағы әскери және әуе нысанындағы әскери қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай орнайды. Арнайы баспана мен әлеуметтік мекемелердің қызметтеріне, қаржы және сауда орындарына қол жетімділігі артпақ. Бір сөзбен айтқанда, бұрын Алматы мен Қонаевқа сабылатын жергілікті тұрғындар Алатау қаласының игіліктерін алысқа бармай көретін болады.

Жалпы, әлемдік практика бойынша, спутник қалалар аймақтың дамуы мен өркендеуіне оң ықпал етпек. Ірі мегаполистердің халқының бір бөлігі осы жерге қоныстана бастайды.   

Егер осындай қалалық мәртебеге ие болған мысалдарға жүгінсек, осыдан 2,5 жыл бұрынғы Қосшы қаласының ахуалын айтсақ жеткілікті. Биылдың өзінде қалада заманауи екі ауысымдық мектептің бой көтеріп ашылуы біраз мектепке деген сұраныстың өзектілігін жойды. Ал жаңадан ашылған ірі сауда орталықтарымен банк филиалдарының ашылуы, қосшылықтардың 25 щақырым қашықтағы  Астанаға күн сайын сабылуын тоқтатты. Яғни, ауылдықтардың қалалыққа айналу өзгерістері жаңалықтар мен мүмкіндіктерді арттырды.

Әлбетте, мемлекет басшысының бастамасымен қайта құрылған облыстық аумақтарда (Семей, Ұлытау, Алматы) әлі де болса тиімділік пен перспективалық территориялдық өзгерістер бола береді. Өйткені урбанизациялық шешімдер, спутниктік қалалардың пайда бола беруі   аймақтарда экономикалық   және әлеуметтік маңыздылығы тұрғысынан тиімділігін арттырады.  Сонымен қатар, жаңа өндірістік орындар мен шағын және орта кәсіпкерліктердің дамуы, және мәдени-заманауи орталардың қолжетімділік кеңістіктерінің ұлғаюы, қазақстандықтардың әл-ауқатының өсіміне оң ықпалын тигізе бермек. Әрине, бұл өз кезегінде қоғамдағы әлеуметтік күйзелістер мен теке-тірестердің, алдын алатын ұтымды мемлекеттік аймақтандыру саяси шешімі болмақ. 

Мақсат ЖАҚАУ

-->