Саясат

Айдос Сарым: Біз өзгеріске дайын болуымыз керек

Бүгін Үкіметте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өткен кеңес жайында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондықтан мемлекеттік қызметтің сапасы артуы қажет дейді саясаттанушы.

-->

Бүгін жиынға тұңғыш рет аудан әкімдері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысты. Мұнда елімізде болып жатқан реформалар, олардың бағыт-бағдары және мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты жақсы ойлар айтылды. Қазіргі таңда біз күн сайын өзгеріп тұратын заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан біз өзгеріске дайын болуымыз керек. Өмір күрделене түседі. Байқасаңыз, айналамыз күрделеніп кетті, көрші елдер соғысып жатыр, - деді депутат.

Сондықтан мемлекеттік қызметтің сапасы артуы қажет дейді саясаттанушы.

Мемлекеттік қызметке көзі жанып тұрған азаматтар баруы керек. Мәселен, қазіргі үкіметке, әкімдікке «карьера» үшін емес, елге пайда тигіземін деген принциппен бару қажет. Мемлекеттік қызметкер Президенттің реформаларын түсінетін және жұртқа түсіндіре алатын, яғни билік пен халықты байланыстыратын дәнекер тұлғаға айналғаны жөн. Сол уақытта реформаларды аяғына дейін жеткіземіз. Сондай-ақ айналамызға дүйім жұртты жинақтай аламыз. Ал енді тапсырылған істі орындамайтын шенеуніктерден құтылу керек шығар. Болашақта ондай кезеңді де бастан өткіземіз, - деді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым.