Саясат

Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен оқи аласыз

Бүгіннен бастап Ақорда ресми жаңалықтарын Aitu ұлттық мессенджерінен де оқи аласыздар. Бұл туралы Ақорданың telegram арнасы хабарлады. 

Айта кетейік, кеше Үкіметте AITU ұлттық мессенджерін кең ауқымда енгізу мәселесі қаралды. 

Үкімет үйінде өткен цифрлық штаб шешіміне сәйкес, 15 қыркүйекке дейін мемлекеттік органдар қызметкерлері AITU ұлттық мессенджеріне көшетін болады.